29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» бүгін өз алаңында «Адмиралды» қабылдайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» бүгін өз алаңында «Адмиралды» қабылдайды

Астаналық «Барыс» ҚХЛ аясындағы өз алаңындағы екінші ойындар сериясын жалғастырады. Бүгін, 29 қыркүйекте елордалық клуб Владивостоктың «Адмирал» командасымен күш сынасады.

Қазіргі таңда «Барыс» Шығыс конференциясында 9 ойында 9 ұпай жинап, 7-орында тұр. Соңғы ойында астаналықтар «Сібірді» 6:4 есебімен жеңген болатын.

Ал «Адмирал» осы конференцияда 7 кездесуде 8 ұпай еншілеп, 9-сатыға жайғасқан. Айта кетейік, олар «Барысқа» қарағанда екі матч кем өткізген.

29 қыркүйек 2025 жыл | 🕢 19:30
«Барыс Арена», Астана