29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сорокин: «Мбаппені команда болып тоқтату үшін барлығын жасаймыз»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сорокин: «Мбаппені команда болып тоқтату үшін барлығын жасаймыз»

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сорокин UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі екінші турында «Реал Мадридке» қарсы өтетін матч алдында ойынға қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport-pulse.kz.

«Біз оң нәтижеге ұжымдық ойын арқылы қол жеткізе аламыз. Тәртіп әрқашан шеберліктен жоғары тұрады. Ынтымаққа негізделген ойынымыздың және жаттығудағы әрекеттеріміздің арқасында нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар, әрі оның оң болатынына сенемін», – деді қорғаушы.

Сонымен қатар ол қорғаныста «Реалдың» жұлдыздарын тоқтату жолына да тоқталды:

«Мбаппені мен ғана емес, бүкіл команда болып тоқтату үшін барлығын жасаймыз».

Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.