28.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ертуған Зейнуллинов: Асахуджаға қарсы жарақатпен жұдырықтастым

Ертуған Зейнуллинов: Асахуджаға қарсы жарақатпен жұдырықтастым

Қазақстан ұлттық құрамасының 65 келідегі боксшысы Ертуған Зейнуллинов Pulse Fighting YouTube арнасына берген сұхбатында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Асахуджа Муидинхуджаевқа қарсы жекпе-жекке жарақатпен шыққанын айтты.

«Өзбек боксшысына қарсы айқас оңай болған жоқ. Асахуджа – әлем чемпионы, олимпиада чемпионы екен деп қорқып шыққан жоқпын. Қазақ елінің намысын қорғап тұрғандықтан, рингте бар күшімді салдым. 1/8 финалда англиялық боксшыға қарсы өткен кездесуде сол қолымнан жарақат алдым. Ертесі күні бірден жекпе-жекке шығу керек болғандықтан, оны емдеп үлгермедік. Бірақ рингке шыққанда бәрін ұмытып, тек жеңіс үшін жұмыс істедім. Жекпе-жек барысында өзімді жеңгендей сезіндім, бірақ бәрібір төрешілер қолымды көтермеген соң жеңілдім», – деді ол.

Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов алдағы Қазақстан чемпионатына қатысады.