27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Америкалық чемпион: «Бұл — Теренстің дивизионы»

Америкалық чемпион: «Бұл — Теренстің дивизионы»

Жеңіліп көрмеген WBC чемпионы, жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық-мексикалық Дэвид Бенавидес Теренс Кроуфордпен айқасуға қызықпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің нысанам — Бетербиев, Бивол және Хильберто Рамирес. Қазір жартылай ауыр салмақта жүрмін. Кроуфорд үшін салмақ төмендетуге еш ойым жоқ. Екінші орта салмаққа қызығушылығым баяғыда жоғалды. Ол — Теренстің дивизионы», – деді Бенавидес.