27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Фабио Каннаваро Қазақстан құрамасын жаттықтыра ма?

Фабио Каннаваро Қазақстан құрамасын жаттықтыра ма?

Италиялық даңқты футболшы, «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларын жаттықтырудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 жастағы Фабио Каннавароға жақын дереккөздің айтуынша, 2006 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларын жаттықтырудан үнемі бас тартып келеді.

Италиялық маман өз еліндегі клубтардың бірінен ұсыныс түскенін күтіп жүр. Ол Еуропадан алыс Қазақстан немесе Өзбекстанда жұмыс істеуге ынталы емес.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық және өзбекстандық БАҚ танымал бапкердің қос құрама басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.