26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Пекиндегі турнирді жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елена Рыбакина Пекиндегі турнирді жеңіспен бастады

Пекиндегі WTA турнирінің 1/32 финалында Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина америкалық Кэти Макналлиді үш сетте жеңді.

Ойын 2 сағат 30 минутқа созылды. Қорытынды есеп – 2:1 (7:5, 4:6, 6:3) Рыбакинаның пайдасына.

Әлемнің 10-ракеткасы болып тұрған қазақстандық спортшы матч барысында сенімді ойын көрсетті және шешуші сетте қарсыласынан айқын басым түсті.

Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.