26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» қорғаушысы Микаэль Асқаров еуропалық клубтардың назарына ілікті

«Тұран» қорғаушысы Микаэль Асқаров еуропалық клубтардың назарына ілікті

ASnews.kz мәліметінше, түркістандық «Тұранның» шеткі қорғаушысы Микаэль Асқаров еуропалық клубтардың қызығушылығын тудырып отыр.

Румыния, Молдова, Болгария және Черногория елдерінің футбол командалары «Фенербахчеде» тәрбиеленген 22 жастағы ойыншының өнерін мұқият бақылауда. Скауттардың бірі Премьер-Лиганың 21-ші турында «Тұран» «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңген матчқа қатысты.

Биылғы ҚПЛ маусымында Асқаров 15 матч өткізді, алайда нәтижелі әрекеттерге қол жеткізе алмады. «Тұранға» ауысқанға дейін қорғаушы «Атырау», «Қайрат», «Екібастұз» және беларусьтік «Сморгонь» клубтарында ойнап, Қазақстан жастар құрамасына шақырылған.