26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

Астанада өткен ҚХЛ матчында жергілікті «Барыс» казандық «Ак Барспен» кездесіп, 1:2 есебімен ұтылды. Бұл – астаналықтардың қатарынан төртінші жеңілісі.

Ойынның алғашқы секундтарында-ақ қонақтар алға шықты: 14-ші секундта Владимир Алистров есеп ашты. Үшінші кезеңде Никита Дыняк айырманы еселеді. Бір минутқа жетпей Майк Веккьоне жауап голын соққанымен, «Барыс» таразы басын теңестіре алмады.

Матчта «Барыс» қақпасын алғаш рет Адам Шил қорғады.

Есеп:
«Барыс» (Астана) – «Ак Барс» (Қазан) 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

Голдар:
0:1 – Алистров (Семёнов, Барабанов), 00:14
0:2 – Дыняк, 42:37
1:2 – Веккьоне (Масси, Морелли), 42:56

Қақпашылар: Шил – Билялов

Келесі матч: 27 қыркүйек күні «Барыс» өз мұзында «Сібірді» қабылдайды.