26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Салиба «Арсеналмен» 2030 жылға дейін жаңа келісімшартқа келісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Салиба «Арсеналмен» 2030 жылға дейін жаңа келісімшартқа келісті

Француз қорғаушысы Вильям Салиба лондондық «Арсеналмен» жаңа бес жылдық келісімшарт жасауға келісімін берді. Оның қолданыстағы шартын 2027 жылы аяқталуы тиіс еді.

The Athletic дерегінше, ресми түрде жаңа келісімнің жариялануы алдағы күндері күтіледі. Осылайша, «Арсенал» ұзақ мерзімді жобасын нығайту жолында тағы бір маңызды қадам жасады.

Салиба 2021 жылы клуб сапында дебют жасап, аз уақыт ішінде Премьер-лиганың ең сенімді орталық қорғаушыларының біріне айналды. Ол «канонирлердің» қорғанысындағы басты тіректердің бірі саналады.

Айта кетейік, футболшыға «Реал Мадрид» қызығушылық танытқанымен, Салиба өз жағдайына көңілі толып, Лондонда қалуды жөн көрді. Бұған дейін спорттық директор Андреа Берта Габриэль Магальяэс, Леандро Троссард және жас таланттар Итан Нванери мен Майлс Льюис-Скеллимен келісімшартты ұзартқан болатын.