25.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан құрама бапкері әлем чемпионы Торехан Сабырханның болашағын бағалады

Өзбекстан құрама бапкері әлем чемпионы Торехан Сабырханның болашағын бағалады

Өзбекстан ерлер құрамасының бокс бапкері Тулкин Киличев қазақстандық боксшы Торехан Сабырханның болашағы туралы ой бөлісті.

Торехан — өте дарынды жігіт. Болашағы зор боксшы. Көп нәрсе оның барлығына қалай қарайтынына байланысты болады. Бокс дамып келеді, бір орында тұрған жоқ. Жігіттер бапкерлермен бірге үнемі өздерімен жұмыс істеуі керек. Менің ойымша, Тореханның супержұлдыз болуға мүмкіндіктері мен келешегі бар, — деді маман.

Еске сала кетейік, Торехан Сабырхан — Ливерпульдегі әлем чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері.