24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Муртазали Магомедов АҚШ-тағы дебютінде қарсыласын жеңді

Муртазали Магомедов АҚШ-тағы дебютінде қарсыласын жеңді

Қазақстанда тіркелген OCTAGON лигасының чемпионы Муртазали Магомедов (10-0) Dana White’s Contender Series турнирінде сәтті дебют жасап, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

DWCS алаңында қырғыз файтері Мексика өкілі Брахин Зурхермен (9-1) кездесті. Екеуі де ММА-де жеңіліп көрмеген еді. Алайда алғашқы раундта-ақ Магомедов басымдық танытып, қарсыласын финишке жеткізді. Осылайша, оның жеңіс сериясы 10 жекпе-жекке жетті.

Магомедовқа жанкүйерлер OCTAGON лигасындағы жеңістерінен кейін ерекше назар аудара бастады. Ол өткен жылы жартылай жеңіл салмақта чемпион атанып, өзбек спортшысы Сардор Худойбердиевті тұншықтыру әдісімен ұтқан еді. Кейін бразилиялық Клаудисио Бритоға қарсы титулын сәтті қорғады.

DWCS-ке дайындық Лас-Вегастағы АҚШ-тың үздік залдарының бірі – Syndicate MMA-да өтті. Онда ол қазақстандық Әліби Ыдырысқа The Ultimate Fighter 33 жобасында көмектесіп, UFC 319 турнирінде оның бұрышында болды.