24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дмитрий Челяднич Молдава құрамасына шақырту алды

Дмитрий Челяднич Молдава құрамасына шақырту алды

Шымкенттік «Ордабасы» командасының қақпашысы Дмитрий Челяднич алдағы Румыния және Эстонияға қарсы матчтарға Молдова құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы маусымда молдовалық қақпашы Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» сапында төрт матч өткізіп, алты гол жіберіп алды. 22 кездесуден кейін шымкенттік клуб 31 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде жетінші орында келеді.

Молдова құрамасы 9 қазанда Румыниямен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 14 қазанда Эстониямен кездеседі. Екі кездесу де сыртта өтеді.