24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-15-ке жақындады

Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-15-ке жақындады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінде сегізінші рет ATP чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы Бублик Ханчжоуда финалдық кездесуде француз Валентин Ройерді (88-орын) 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жеңісінен кейін Бублик ATP рейтингінде 16-орынға көтеріледі. Бұл оның мансабындағы ең жақсы нәтиже; ол бұған дейін 17-орында болған.