23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатынан құр қалды

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатынан құр қалды

Бүгін, 23 қыркүйекте, Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италия құрамасымен жауапты плей-офф кездесуін өткізді.

Қазақстан құрамасы негізгі уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетті, алайда қосымша кезеңде екі команда да гол соға алмады. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, онда итальяндықтар 2:0 есебімен басым түсті.

Еске салайық, екі құрама арасындағы алғашқы матч 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында өтіп, алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.

Осылайша, Еуро-2026 чемпионатына жолдаманы Италия құрамасы жеңіп алды.