23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бактиер Зайнутдинов РПЛ-дағы 100-матчын өткізді

Бактиер Зайнутдинов РПЛ-дағы 100-матчын өткізді

Қазақстан құрамасының және мәскеулік «Динамо» клубының 27 жастағы жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Орынборға» қарсы матчта (3:1) Ресей чемпионатындағы 100-ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеудің «Динамосына» келгенге дейін Зайнутдинов 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Ростов» сапында және 2020 жылдан 2024 жылға дейін ЦСКА сапында өнер көрсетті.

Ресей премьер-лигасында қазақстандық футболшы тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді, 21 сары қағаз алды. Ол «Ростов» сапында 31, ЦСКА сапында 64, «Динамо» сапында бес кездесу өткізген.