23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Виталий Кудухов алғаш рет Ресейдегі турнирде рингке шығады

Виталий Кудухов алғаш рет Ресейдегі турнирде рингке шығады

Ресейлік боксшы Виталий Кудухов (7-3, КО 3) 6 қазан күні Санкт-Петербургте екі дүркін Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы Баходир Жалоловпен (15-0, КО 14) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ауыр салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жек БЕТСИТИ IBA.PRO 10 турнирі аясында өтеді.

Жалолов кейінгі рет сәуір айында рингке шығып, Игорь Шевадзуцкийді төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңген болатын.

Өзбекстандық боксшы кәсіби мансабында алғаш рет Ресейде өнер көрсетеді. Бұған дейін ол АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан, Мексика және БАӘ-де жұдырықтасқан. Кудуховтың соңғы жекпе-жегі тамыз айында Екатеринбургте өтіп, ол Вартан Арутюнянға төрешілер шешімімен жол берген еді.

Айта кетейік, Жалолов жанкүйерлерге «үлкен өзбек» деген лақап атпен танымал.