23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усман Дембеле «Алтын доп» жүлдесін иеленді

Усман Дембеле «Алтын доп» жүлдесін иеленді

22 қыркүйек күні Париждегі әйгілі «Шатле» театрында әлем футболындағы ең беделді марапаттардың бірі – «Алтын доп» сыйлығы табысталды.

Дәстүрге сай бұл шараны France Football журналы ұйымдастырды. Бұрынғыдай күнтізбелік жылға емес, футбол маусымының қорытындысына сүйене отырып, бұл жүлде қатарынан төртінші рет берілді.

Биылғы «Алтын доптың» иегері болып «Пари Сен-Жермен» клубының және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле танылды. Сонымен қатар жылдың үздік командасы атағы да Дембеле өнер көрсететін «ПСЖ»-ға бұйырды. Париждік ұжым өткен маусымда ел ішіндегі және еуропалық додалардағы барлық мүмкін трофейді жеңіп алды.