23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Доннарумма жылдың үздік қақпашысы ретінде Лев Яшин трофейін алды

Доннарумма жылдың үздік қақпашысы ретінде Лев Яшин трофейін алды

France Football мәліметінше, Джанлуиджи Доннарумма маусымның үздік қақпашысына берілетін Лев Яшин трофейін иеленді.

«Манчестер Ситидің» италиялық қақпашысы — Эмилиано Мартинестің жетістігін қайталап, марапат тарихында екі рет жеңімпаз атанған екінші қақпашы болды.

Үміткерлердің соңғы тізіміне мыналар кірді:

  • Алиссон («Ливерпуль»)
  • Ян Зоммер («Интер»)
  • Тибо Куртуа («Реал»)
  • Яссин Буну («Әл-Хилал»)

Әйелдер санатында «Челсидің» қақпашысы Ханна Хэмптон — жыл бойы әйелдер арасындағы үздік қақпашы деп танылды.