22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Қытайда «Челленджер» турнирін сәтті бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Денис Евсеев

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Қытайда өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің іріктеу кезеңінде финалға шықты.

Сегізінші нөмірмен бақ сынаған Евсеев алғашқы ойында Қытай өкілі Яо Дзенгті сенімді жеңді. Кездесу 6:4, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Енді Евсеев турнирдің негізгі сеткасына жолдама алу үшін Тайвань теннисшісі, төртінші нөмірлі Тун-Лин Вумен күш сынасады. Бұл кездесу Пекиндегі турнир іріктеуінің шешуші ойыны болмақ.