22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші 53 минутта жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық теннисші 53 минутта жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (әлемдік рейтингте 19-орында) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда ол Чехия өкілі Далибор Сврчинаны небәрі 53 минутта 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Матч барысында Бублик алты эйс жасап, бір ғана қос қате жіберді және 12 брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды. Ал қарсыласы бірде-бір эйс жасай алмады, бір қос қате жіберді және жалғыз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.

Жартылай финалда Бублик жергілікті спортшы Ву Ибинмен кездеседі. Қытай теннисшісі қиын өткен матчта ресейлік Даниил Медведевті 5:7, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Ханчжоу турнирі Александр үшін маусымдағы маңызды сынақтардың бірі болып тұр.