21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» QJ League турнирінің чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» QJ League турнирінің чемпионы атанды

Алматының «Қайрат» клубы Лиганың басты турнирінің 18-турында «Ордабасыны» ұтып, кезекті мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Кездесуде алаң иелері сапынан Ғани Әлімбек пен Дәурен Дархан (пенальтиден) көзге түсті. Шымкенттік қонақтар жауап голын соға алған жоқ.

Бұл турда «Қайраттың» басты қарсыласы «Жас Қыран» «Таразға» жол беріп, алматылықтарды қуып жету мүмкіндігін жоғалтты.

Осылайша, «Қайрат» Freedom QJ League флагмандық турнирінің чемпионы атағын қатарынан үшінші рет жеңіп алды. Енді клуб 2026/27 маусымында УЕФА Жастар лигасында Қазақстан намысын қорғайды.