21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси МЛС бомбардирлер жарысында көш бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Месси МЛС бомбардирлер жарысында көш бастады

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси Солтүстік Америка чемпионаты – МЛС-тің үздік мергендер тізімінде бірінші орынға шықты. Аргентиналық жұлдыздың еншісінде осы маусымда 22 гол бар.

Оның ең жақын қуған қарсыласы – «Нэшвилл» ойыншысы, ағылшын Сам Сарридж. Ол 21 гол соққан. Үздік үштікті «Лос-Анджелес» форварды Денис Буанга түйіндеп тұр – 19 гол.

Соңғы турда «Ди-Си Юнайтедке» қарсы өткен кездесуде (3:2) Месси дубль жасап, бір нәтижелі пас берді.

Аргентиналық футболшы «Интер Майамиге» 2023 жылдың жазында қосылған. Содан бері барлық турнирлерде 76 ойын өткізіп, 64 гол соғып, 31 голдық пас берген.