21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тоболдың» жартылай қорғаушысы Адырбеков Словакияға ауысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Тоболдың» жартылай қорғаушысы Адырбеков Словакияға ауысты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбеков енді Словакияның Жоғары лигасында өнер көрсететін «АС Тренчин» клубының жейдесін киеді. Бұл туралы «Тоболдың» баспасөз қызметі хабарлады.

Костанай футболының түлегі жасөспірімдерден бастап дубль арқылы негізгі командаға дейін өсті. Екінші лигада 8 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Ал QJ League аясында 18 ойында 4 гол соғып, 2 ассист жасады.

Өткен маусымда Адырбеков «Тоболдың» негізгі құрамында Қазақстан кубогында алғаш рет алаңға шыққан еді. Енді ол Еуропа чемпионатында бағын сынамақ.