21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Харри Кейн рекорд орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Харри Кейн  рекорд орнатты

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн Бундеслига тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. Ол лигадағы алғашқы **17 пенальтисін де дәл орындаған алғашқы футболшы атанды. Бұл мәліметті Opta жариялады.

Рекорд «Хоффенхаймге» қарсы 4-турдағы ойында тіркелді. Мюнхендік клуб 4:1 есебімен жеңіске жеткен матчта Кейн хет-трик жасап, оның екеуі пенальтиден соғылды. Осылайша ағылшын ойыншысының Бундеслигада дәл орындалған пенальти сериясы 17-ге жетті.

Өткен маусымда Кейн «Бавария» сапында барлық турнирде 51 матч өткізіп, 41 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген болатын. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны 75 миллион еуроға бағалануда.