21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» — «Жеңіс»: Маңызды матч алдындағы сарапшы пікірі

«Қайрат» — «Жеңіс»: Маңызды матч алдындағы сарапшы пікірі

22 қыркүйекте футболдан Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 20-тур аясында «Қайрат» өз алаңында «Жеңісті» қабылдайды.

Sport Pulse тілшісі маңызды ойын алдында футбол сарапшысы Әлібек Кенжалының болжамын сұрап білді.

Бұл – «Қайраттың» «Реалға» қарсы матч алдындағы маңызды кездесуі. Бірақ Чемпиондар лигасына дейін әлі 8 күн бар, сондықтан алматылық клуб құрамында ротация жасамайды. Бұл ойында алаң иелері қалай болғанда да жеңіске жетуі қажет. «Жеңіс» кубок ойындарынан шығып қалған соң, қазіргі кезде турнирлік мақсаттары жоқ: алдыңғы төрттікке ену үшін 8 ұпай жетпейді, ал ұшу аймағынан 15 ұпай алда. Ал чемпиондыққа таласып отырған «Қайрат» үшін әр ойын шешуші мәнге ие. Меніңше, бұл матчта алаң иелері 1:0 немесе 2:0 есебімен жеңуі тиіс, — деді Кенжалы.

Айта кетейік, кездесу ертең сағат 18:00-де басталады. Ойынды KFF League YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді.