20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан құрамасының бапкері Англияға сапары мен алдағы жоспарлары туралы айтты

Өзбекстан құрамасының бапкері Англияға сапары мен алдағы жоспарлары туралы айтты

Championat.Asia мәлімдегендей, Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе жұмыс сапарымен Ұлыбританияға барды.

Қазір мен Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкерімін. Менің келісімшартым қараша айының соңына дейін. Сондықтан мен құрама ойыншысы Абдукодир Хусановтың ойындарын көру үшін Англияға келдім. Сонымен қатар, «Сити» матчтарынан бөлек, клуб академиясымен де танысқым келеді

Жақын арада өзбек командасын күрделі сынақ күтіп тұр — екі дүркін әлем чемпионы Уругвай құрамасымен жолдастық кездесу 13 қазанда Малайзияның Малакка қаласында өтеді.