20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» тағы да жеңілді

«Ақтөбе» тағы да жеңілді
Футболдан Қазақстан премьер лигасының кейінге шегерілген 18-тур матчы аясында «Ұлытау» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.
Ойынның 6-минутында ақ, жезқазғандықтар сапынан Георгий Бугулов есеп ашты. Осы сәттен кейін алғашқы таймның соңғы минуттарында (45+2) Жайро Жан есепті теңестірді.
Алайда, 71-минутта Бағдат Данияров гол соғып «Ұлытауды» алға шығарды. Осылайша чемпиондыққа таласуды мақсат еткен «ақ-қызылдар» екінші ойын қатарынан жеңіліс тауып отыр.