19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» – «ПСЖ» матчы «Камп Ноуда» өтпейді

«Барселона» – «ПСЖ» матчы «Камп Ноуда» өтпейді

«Барселона» Чемпиондар лигасы аясында өтетін «ПСЖ» клубына қарсы матчты «Камп Ноуда» өткізбейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Блауграна» ЧЛ 2-туры аясындағы ойын Луис Компанис атындағы олимпиадалық стадионда өтетінін ресми хабарлады.

«Барса» «Валенсияға» қарсы ойынды (6:0) «Йохан Кройффта» өткізген еді және «Хетафені» де сол жақта қабылдайды.

Ал «Камп Ноуда» матч өткізуге әлі рұқсат ала алмады.