19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мерей Мәулетқанов Хорватиядағы әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады

Мерей Мәулетқанов Хорватиядағы әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады

Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз Мерей Мәулетқанов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол (-72 кг) іріктеу кезеңінде Липаста Матиас Олавидің (Финляндия) адымын аштырмады. Есеп: 3-0.

Айта кетейік, Мәулетқанов үшін бұл ересектер арасындағы бірінші дүниежүзілік бәсеке. Ол — биыл көктемде Астанада өткен Қазақстан кубогының жеңімпазы.