19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Денис Евсеев Қытайдағы турнирде сүрінді

Денис Евсеев Қытайдағы турнирде сүрінді

Денис Евсеев ITF турнирінен ширек финалда шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте 340-шы орында тұрған қазақстандық спортшы ширек финалда швейцариялық Лука Кастельнуовомен (АТР рейтингінде 465-орын) кездесті.

1 сағат 44 минутқа созылған ойында Денис 4-6, 7-6, 1-6 есебімен жеңіліс тапты.