19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында қандай баға алды?

Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында қандай баға алды?

Flashscore.com сайты Чемпиондар лигасының бірінші турында «Спортингтен» 4:1 есебімен жеңілген «Қайрат» командасының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаның ойынына баға берді.

14-минутта Қалмырза пенальтиді қайтарды, бірақ соңында командасын жеңілістен құтқара алмады. Шерхан өз ойыны үшін Flashscore-тен 6,5 ұпай алды – бұл матчқа қатысқан «Қайрат» ойыншыларының арасында үшінші орында. Айта кетейік, бұл жас қазақстандықтың Чемпиондар лигасындағы дебюті болды.

«Қайрат» келесі матчта өз алаңында  «Реал Мадрид» командасын қабылдайды.