19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Демеу Жадыраев ширек финалда жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Демеу Жадыраев ширек финалда жеңілді

Загребте өтіп жатқан 2025 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық грек-римші Демеу Жадыраев 77 кг салмақта ширек финалда Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Нао Кусакаға 2:4 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін Жадыраев 1/8 финалда серб балуаны Алекса Иличпен айқаста камбэк жасап, жеңісті жұлып алған еді.

Демеудің еншісінде әлем біріншілігінің (2017) және Азия чемпионатының (2018) күмісі, сондай-ақ Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдесі бар. Енді оның турнирді жалғастыру мүмкіндігі Кусакаға байланысты: жапон балуаны финалға шықса, Жадыраев жұбаныш белдесулерінде қола медаль үшін күресе алады.