18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» КХЛ маусымындағы алғашқы сырт алаң матчын «Металлургпен» өткізеді

«Барыс» КХЛ маусымындағы алғашқы сырт алаң матчын «Металлургпен» өткізеді

Бүгін Астана уақытымен 19:00-де КХЛ тұрақты чемпионатының матчы өтеді — Магнитогорскіде «Металлург» «Барысты» қабылдайды.

Михаил Кравецтің шәкірттері төрт матчтан тұратын үй сериясын аяқтады — команда «Трактордан» овертаймда және «Амурдан» буллитте 4:3 есебімен жеңіске жетті, Минск «Динамосынан» 1:3 есебімен жеңілді, содан кейін Мәскеу «Динамосын» 5:2 есебімен талқандады.

Бүгінгі ойыннан кейін астаналық клуб сырт алаң сериясын Череповецтегі «Северсталь» және Минск «Динамосына» қарсы матчтармен жалғастырады.