18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» америкалық қақпашымен келісімшартқа отырды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» америкалық қақпашымен келісімшартқа отырды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы америкалық қақпашы Адам Шилмен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Маусым басында келген қақпашы Оливье Родриг жарақатына байланысты «Барыспен» келісімшартын мерзімінен бұрын бұзған еді. Осыдан кейін клуб бос қалған орынға жаңа қақпашы іздеуге мәжбүр болды.

Адам Шил кәсіби мансабын «Даллас Старз» жүйесінде бастаған. Өткен маусымда ол Америка хоккей лигасында «Колорадо Иглз» сапында ойнап, 14 кездесуде 90,4% соққыны қайтарды және орта есеппен әр матчта қақпасына 2,62 шайба жіберіп алды. Сонымен қатар, Британдық Колумбия жағалауы хоккей лигасында «Юта Гриззлис» клубы сапында 19 ойын өткізді.

Адам Шил туралы мәлімет:

  • Туған күні: 1999 жылдың 1 мамыры
  • Орны: қақпашы
  • Бойы: 193 см
  • Салмағы: 86 кг