18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы ең жас қақпашылар қатарына кіреді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы ең жас қақпашылар қатарына кіреді

Бүгін негізгі құрамда алаңға шыққан жағдайда, «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасында дебют жасаған ең жас қақпашылардың үштігіне енеді. Оның жасы – 18 жас 95 күн.

Қазіргі таңда ЧЛ тарихындағы ең жас қақпашылар тізімі мынадай:

Маартен Вандевордт («Генк») – 17 жас 287 күн

Майле Свилар («Бенфика») – 18 жас 52 күн

Икер Касильяс («Реал») – 18 жас 118 күн

Николай Михайлов («Левски») – 18 жас 124 күн

Игорь Акинфеев («ЦСКА») – 18 жас 159 күн

Осылайша, Шерхан Қалмұрза Касильяс пен Акинфеевтен де жасырақ қақпашылар қатарына қосылмақ.