18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Болат Есмағамбетов: «Спортингпен» тең ойнауға болады»

Болат Есмағамбетов: «Спортингпен» тең ойнауға болады»

Бүгін, 18 қыркүйек «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын «Спортингке» қарсы өткізеді. Осы орайда Sport Pulse тілшісі экс-футболшы, ардагер Болат Есмағамбетовтың ойынға болжамын сұрап білді.

Біріншіден «Қайратқа» сәттілік тілеймін. «Спортинг» қазіргі таңда Португалияның ең мықты клубы. Олармен сырт алаңда ойнау алматылықтар үшін оңайға соқпайды. Кеше өзіміздің бауырлас халықтың клубы «Карабах» «Бенфиканы» жеңгеннен кейін бізде де үміт пайда болды. Меніңше «Спортингпен» тең ойнауға болады.

«Қайрат» қазір қорқып ойнамайды. Сондықтан бүгін олардың мүмкіндіктері көп болады, — деді Болат Есмағамбетов.

Айта кетейік, «Спортинг» — «Қайрат» матчы бүгін Астана уақытымен 23:50-де басталады.