18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде дебют жасайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде дебют жасайды

Алматылық «Қайрат» клубы тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл – тек клуб үшін ғана емес, жалпы қазақстандық футбол тарихы үшін айтулы оқиға.

Бірінші турда «Қайрат» Португалияның атақты «Спортинг» командасымен кездеседі. Матч бүгін, 18 қыркүйек күні Лиссабонда, «Жозе Алваладе» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады.

Қазақ жанкүйерлері тарихи ойынды «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Бұл тек маусымдағы маңызды матч емес, қазақстандық клуб үшін Еуропаның басты турнирінде жаңа тарих жазудың бастауы болмақ. «Қайрат» үшін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі әр ойын ел футболының дамуына ерекше серпін бермек.