18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Бавария» сенімді жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Бавария» сенімді жеңіске жетті

2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 1-турында Мюнхеннің «Бавариясы» өз алаңында Лондонның «Челсиін» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ойын 17 қыркүйекте «Арена Мюнхен» стадионында өтті.

  • 20-минутта «Челси» қорғаушысы Трево Чалоба өз қақпасына гол соғып алды.

  • 27-минутта Гарри Кейн пенальтиден мүлт кеткен жоқ — 2:0.

  • 29-минутта Коул Палмер есепті қысқартты — 2:1.

  • 63-минутта Кейн дубль жасап, нәтижені түбегейлі анықтады — 3:1.

  • 89-минутта Палмер тағы бір гол соққанымен, ол офсайд себепті есепке алынбады.

Келесі турда «Бавария» 30 қыркүйекте сырт алаңда Кипрдің «Пафосымен» кездессе, «Челси» өз алаңында «Бенфиканы» қабылдайды.