18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстанмен матчта АҚШ алға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстанмен матчта АҚШ алға шықты
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан — АҚШ матчы өтіп жатыр.

Кортқа алғашқы болып рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро шықты.

Бірінші партияда Наварро 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева есе қайырды — 6:2. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қос бірдей матчболды пайдалана алмады — 6:7 (6:8). Тартысты бәсеке 2 сағат 30 минутқа созылды. Осылайша, АҚШ құрамасы 1:0 есебімен алға шықты. Келесі болып кортқа Елена Рыбакина мен Джессика Пегула шығады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.