17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Трент Александр-Арнольд Алматыға келмейді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Трент Александр-Арнольд Алматыға келмейді

Чемпиондар лигасының алғашқы турында өткен «Реал» – «Марсель» матчында мадридтіктердің оң қаптал қорғаушысы Трент Александр-Арнольд 5-минутта жарақат алып, алаңнан кетті. Дәрігерлер оның сан бұлшықетін созып алғанын анықтады. Қалпына келу мерзімі 6–8 апта деп болжануда.

Осыған байланысты Александр-Арнольд жақын уақытта Ла Лигадағы және Еурокубоктағы бірнеше маңызды ойынды өткізіп алуы мүмкін. Клуб оның жағдайын күнделікті бақылауда ұстайды.