17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мудрик қанындағы мельдоний құрамада болғанда түскен

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Мудрик қанындағы мельдоний құрамада болғанда түскен

BBC мәліметінше, «Челси» жартылай қорғаушысы Михаил Мудриктің қанынан ВАДА тарапынан тыйым салынған жүрек-қан тамырлары препараты — мельдоний табылды.

24 жастағы украиналық футболшының оң сынамасы 2024 жылдың желтоқсанында, ол ұлттық құрама сапында жүрген кезде анықталған. Сол сәттен бастап Мудрик уақытша ойыннан шеттетілді.

2025 жылдың маусымында Англия футбол қауымдастығы (FA) ресми түрде оның антидопинг ережесін бұзғанын хабарлады.

Футболшыға ұзақ мерзімді дисквалификация қаупі төніп тұр — ол төрт жылға дейін футболдан шеттетілуі мүмкін.