17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Бенфика» жаңа бапкер іздейді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Бенфика» жаңа бапкер іздейді

Лиссабондық «Бенфика» күтпеген жерден агдамдық «Қарабахқа» 2:3 есебімен есе жіберген соң бас бапкер Бруну Лажемен қоштасты. Бұл туралы клуб президенті Руи Кошта ресми мәлімдеді.

Лаже команда тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінде ұстаған еді. Португалиялық БАҚ-тың хабарлауынша, оның орнына әйгілі маман Жозе Моуринью келуі мүмкін.