17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстанның ұлттық құрамасы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогы алдындағы соңғы жаттығуларын өткізуде. 18 қыркүйекте қазақстандықтар ширек финалда АҚШ құрамасымен кездеседі. Бұл екі команда арасындағы алғашқы ресми кездесу болмақ.

Қыздардың көңіл-күйі жоғары: құрама толық құрамда, ең жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін дайындық қызу жүріп жатыр. Кешкісін теннисшілер жарыс алдындағы ресми салтанатты шараға қатысты. Сонымен қатар Елена Рыбакина испаниялық Паула Бадосамен бірлескен жаттығу өткізді.

Beeline Janymda. Матчтарды тамашалап, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!