17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Уильямс әпкелі-сіңлілі X платформасында подкаст бастайды

Уильямс әпкелі-сіңлілі X платформасында подкаст бастайды

Аңызға айналған теннисшілер Серена Уильямс пен Винус Уильямс «Stockton Street» атты жаңа видеоподкастың басталғанын жариялады, деп хабарлайды @serenawilliams.

Жобаның атауы — атақты әпкелі-сіңлілердің балалық шағы өткен Комптондағы көшенің құрметіне қойылған. Подкаст X платформасында — әр екінші сәрсенбі күні шығады.

Теннис әлемінің қасиетті орны — Артур Эш аренасында түсірілген алғашқы шығарылымды көрермендер ертең тамашалай алады.