17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Милан клубтары аңызға айналған «Сан-Сиро» стадионын сатып алуға келісті

Милан клубтары аңызға айналған «Сан-Сиро» стадионын сатып алуға келісті

Sky Sport мәліметі бойынша, «Милан» мен «Интер» қалалық билікпен «Сан-Сиро» стадионын сатып алу туралы келісімге қол жеткізді.

Милан қаласының әкімі Джузеппе Сала бұл ақпаратты растады — арenaны сату туралы қаулы жақын арада қарауға ұсынылады.

«Біз клубтармен келісімге қол жеткіздік. Стадион 2031 жылға дейін дайын болуы керек — әйтпесе УЕФА Миланды Еуро-2032 қала-ұйымдастырушысы ретінде қарастырмайды», — деді Сала.

Меншікті беру процесі бірнеше кезеңнен тұрады — жобаны қарағаннан кейін мәселе қалалық кеңестің талқылауына түседі, сонда түпкілікті шешім қабылданады.

2032 жылғы Еуропа чемпионаты екі елде — Италия мен Түркияда өтеді.