16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

40 жастағы әлемнің экс-үшінші ракеткасы Реннедегі турнир финалында жеңілді

40 жастағы әлемнің экс-үшінші ракеткасы Реннедегі турнир финалында жеңілді

«Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Стэн Вавринка Реннедегі теннис «Челленджерінің» финалында француз Юго Гастонға жеңілді — матч есебі 4:6, 4:6 болды.

«Жеңілгеніме қарамастан, бұл өте жақсы, табысты апта болды. Көптеген эмоция алдым. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушыларға рахмет. Атмосфера керемет болды, ал корт сыртында бәрі мінсіз ұйымдастырылған», — деп атап өтті швейцариялық теннисші.

«Келу туралы шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Мансабымның ләззатын барынша көп алуға тырысамын, бірақ өкінішке орай, қартаюдамын. 40 жаста кортқа шығу қиындау. Дегенмен, көрермендердің, эмоциялар мен қолдаудың арқасында үлкен ләззат аламын. Бұл менің күресуді жалғастыруымның себептерінің бірі», — деді Вавринка марапаттау рәсімінде.