16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Португалияға аттанды

«Қайрат» Португалияға аттанды

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі бірінші турында «Спортингке» қарсы ойынын өткізу үшін Португалияға аттанды.

Чемпиондар лигасының жалпы турының бірінші кезеңінде алматылық «Қайрат» пен Лиссабондағы «Спортинг» арасындағы ойын 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де өтеді.