16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қарағандыда семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді

Қарағандыда семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді

Қарағандыда семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарысқа 250-ден астам спортшы қатысады.

Республикалық турнир 15 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

15-16 қыркүйек күндері рапира бойынша жарыстарда медальдар сарапқа салынады. Содан кейін семсер қаруымен айқасудан сайыстар өтеді. Қылыш қаруымен айқасушылар чемпионатты аяқтайды.