15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» өз айдынында мәскеулік команданы жеңді

«Барыс» өз айдынында мәскеулік команданы жеңді

Астанада өткен ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы ойында «Барыс» Мәскеудің «Динамосын» 5:2 есебімен жеңді.

Қонақтар матчтың басында-ақ есеп ашқанымен, алаң иелері жылдам қарымта гол соға білді. Вячеслав Колесников пен Ансар Шайхмедденовтің шайбаларынан кейін үшінші кезеңде астаналықтар толық үстемдікке ие болды. Майкл Веккьоне дубль жасап, Алихан Өмірбеков те мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, «Барыстың» келесі ойыны 18 қыркүйек сырт айдында «Металлург Магнитогорск» командасына қарсы өткізеді.