15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АҚШ командасымен бәсекеде барымызды саламыз — Анна Данилина

АҚШ командасымен бәсекеде барымызды саламыз — Анна Данилина
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйекте командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі өтеді.

Қазақстан құрамасы 18 қыркүйекте ширек финалда АҚШ теннисшілерімен шеберлік байқасады. Бұл қос команданың өзара алғашқы кездесуі болмақ.

АҚШ құрамасы дүниежүзілік додада 18 рет жеңімпаз атанған. Соның ішінде 1976-1982 жылдары қатарынан жеті титулға қол жеткізді.

Қазақстандықтар Билли Джин Кинг кубогының әлемдік командалық рейтингісінде алтыншы орында тұр. Бұл — Қазақстан үшін ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан әйелдер құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция сияқты елдерді артта қалдырды.

Әлем чемпионатында ел намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина қорғайды.

— Көңіл-күй өте жақсы, бірнеше күн бойы тынбай жаттығудамыз. Өзім бабымдамын деп айта аламын. Жұптық сында кіммен бірге ойнайтынымды қазір айту қиын. Дегенмен бәріміз бірге дайындалудамыз. Сондықтан командаға ұпай әперу үшін барымызды саламыз, — деді Данилина.

Юлия аталмыш қаладағы корттың өзінің оң жамбасына келетінін жеткізді.

— Қарсыластарымыз өте мықты, жекелей сын оңайға түспейді. Кім шықса да, бәріне дайын болуға тура келеді, — деді Путинцева.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!